Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бетімді қақпады... Ақылын айтты": Актер Дархан Мұсаев әсерлі жазбасын жариялады (ФОТО)

"Бетімді қақпады... Ақылын айтты": Актер Дархан Мұсаев әсерлі жазбасын жариялады (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Актердің айтуынша, өмірде адамды шыңдайтын, сынайтын кезеңдер болады. Сол сәттерде жолыңнан дұрыс адамдар шықса, бойыңды қайта жинап, алға қадам басуға күш табасың.

"Кейде тағдыр адамды сынап, қайрағысы келгендей болады. Сол сәтте жолыңа дұрыс адамдар жолықса, еңсең қайта тіктеледі. Хайрол Мархаба – өнерде өз орны бар, сөзі мен ісі қабысқан жігіт. Ал мен бір кезеңде "кино түсіремін" деп шаршап, күмәнданып жүргенмін. Сол кезде Хайролға барып, жағдайымды айттым. Ол бетімді қақпады. Тыңдады. Ақылын айтты. "Кешірімді бол" деді. Сенім білдірді. Жанына алып, идеямызды біріктіріп, осы жобада атқарушы продюсер ретінде жауапкершілік жүктеді. Бұл – мен үшін үлкен сенім, үлкен қолдау. Бүгінде ол – фильміміздің генеральный продюсері. Осындай адаммен бір жобада қатар жүру – мен үшін мәртебе", – деп жазды Дархан Мұсаев.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер