Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бес тіл меңгерген қарағандылық: "Мен үшін ең қиыны қазақ тілі, түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын"

Бес тіл меңгерген қарағандылық: "Мен үшін ең қиыны қазақ тілі, түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын"

Қазақстандағы ең жас докторант, 23 жастағы қарағандылық Азамат Алтынбеков бес тілді - орыс, ағылшын, неміс, француз және итальян тілдерін еркін меңгерген. Алайда ол қазақ тілін әлі меңгере алмай жүргенін айтады. Бұл туралы Азамат "Индустриальная Караганда" газетіне айтып берді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Жас ғалым астанадағы университеттен шақырту алған, алайда ол бас тартқан. Азамат Қарағандыдан кеткісі келмейтінін, себебі жақындары мен достары осы қалада тұратынын айтады.

"Тіл меңгеруді оныншы сыныптан бастап қолға алдым. Оған дейін тек орыс тілінде сөйлейтінмін, себебі отбасымызда бәрі осы тілде сөйлейді", - дейді лингвист.

Азаматтың сөзінше, ол жақында корей тілін үйрене бастаған. Ал ең қиыны қазақ тілі болған.
"Докторантураға тапсыру үшін мемлекеттік тілден емтихан тапсыру керек болғандықтан, оны терең меңгере бастадым. Бірақ қазақ тіліне бірде-бір методика жұмыс істемейді. Грамматиканы үйренуге тырыстым. Заманауи қазақ тіліндегі әндерді тыңдай бастадым, бірақ ол да көмектеспеді. Бәрін түсінемін, бірақ әзірге сөйлей алмаймын", - дейді жас ғалым.
Автор
Еркебұлан