Жүрегі сыр берген журналист Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне шұғыл жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Ғалым Қамашұлы Сүлеймен 1975 жылы 28 сәуірде қазіргі Жетісу облысының Сарқан ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
1996–2004 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінде спорт шолушысы болып еңбек етті. 2004 жылдан бастап "Спорт KZ газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Кейінгі жылдары "Айқын" және "Егемен Қазақстан" газеттерінде жұмыс істеді.
Әріптесіміз журналистикадағы еңбегі үшін Қазақстан Президентінің стипендиясына ие болған. Сондай-ақ, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған.