Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі қобызшы Сыматай Үмбетбаев дүниеден өтті

Белгілі қобызшы Сыматай Үмбетбаев дүниеден өтті

Белгілі қобызшы Сыматай Үмбетбаев дүниеден өтті. Бұл туралы ақын Маралтай Раймекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қобызшы туралы өнертанушы Ықылас Ожайұлы: "...Қазақтың қадым замандардан бергі саусақ ұшына келіп ұйыған шер-наласы Сматай Үмбетбаевпен бірге жоғалар ма екен деп қорқамын. Қай күндері алабұртқан көңіл сарығын баспаққа Сматай шалған қобыз үніне аңсарым ауды.

Нанасыз ба? Мәдениет министрлігінің қолдауымен шыққан «мың күйден» Сматай қобызының үнін таппай шынымен-ақ қайран қалдым. Не деген парықсыз ел едік осы? Бүгінде не көп өзі? Зады арзан, сүйегі жасық өнерпаз көп. Ал Сматай «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» КІРГЕН «ҚАЗАҚТЫҚТЫҢ» ЕҢ СОҢҒЫ, КӨЗІ ТІРІ КЕЙІПКЕРІ ҒОЙ.

Әттең дейсің, әбілет басқан қоғамға ішің оттай жанып..."

 

Автор
Еркебұлан