Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан қайтыс болды.
Журналистің қайтыс болғанын жары растады.
Амангелді Муатқанұлы Сейітханов 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.
1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылы «Қазақстан ТРК-ның» «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары болды. «Құмсағат» бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылы «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді.
Футболдан «Франция-98» Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді.