Жұмыс іздеп жүрген азамат құлдыққа қалай түскенін айтып берді (ВИДЕО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі әзілкештің тұңғыш қызы Құранды толық жаттап, хафиза атанды

Белгілі әзілкештің тұңғыш қызы Құранды толық жаттап, хафиза атанды
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

«Өнер қырандары» театрының директоры, әзілкеш Мадияр Серікбаевтың тұңғыш қызы Алуа Құран Кәрімді толық жаттап, хафиза атанды. Бұл туралы театрдың ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Хафиза - Құран Кәрімді толық жатқа білетін, оны дұрыс оқып, сақтап жеткізетін адамға берілетін құрметті атақ.

Желіде жарияланған видеода Алуаның хафиза атануына арналған арнайы рәсім өткенін көруге болады. Жақындары мен жиналған қауым оған ақ тілектерін арнап, қуаныштарын бөлісті.

Сонымен қатар, қызының бұл үлкен жетістігіне орай ата-анасы Алуаға ерекше сыйлық жасап, Алматы қаласынан пентхаус сыйлады. Бұл сәт те әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды.

Айта кетейік, Мадияр Серікбаев - «Өнер қырандары» театрының директоры әрі танымал әзілкеш. Оның қызының хафиза атануы мен ата-анасының бағалы сыйлығы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер