KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден өтті

• Қайсар Қанат
Фото: Egemen.kz

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы таратты. Одақ басқармасы ақынның туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ қалың оқырман қауымға көңіл айтты.

Жанна Елеусіз 1970 жылғы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Ол әдеби ортада сыршыл әрі философиялық поэзиясымен танылды. Ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген.

Жанна Елеусіздің өлеңдерінде мұң, нәзік сезім, адам жанының ішкі толғанысы мен өмір туралы терең ойлар жиі көрініс табады. Оның шығармашылығына әдеби ортада жоғары баға беріліп, поэзиясы «ақсүйек поэзия» деп те сипатталған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →