KZNEWS.KZ
Экономика

Бектенов бюджет қаржысына отандық өнімді сатып алуды талап етті

• Жарқын Омаров
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Қазақстанда өндірілетін тауарлардың орнына импорттық өнім сатып алу мемлекеттің мүддесіне қайшы әрекет екенін айтты.

«Жалпы қарапайым сөзбен айтатын болсақ, біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек, ол ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар қазақстандық болуы керек. Болды. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек. Ал егер Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз оны сатып алмай, импорттап алып келетін болсақ, ол мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Оны үзілді-кесілді айту керек. Үкімет мүшелеріне және өңір басшыларына айтатыным, ескеріңіздер», – деді Олжас Бектенов.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →