Қазақстанда жол ережесін бақылайтын 32 мың камера жұмыс істейді – Ержан Сәденов
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов әкімдерге жылу беру маусымына дайындықты жеделдетуді тапсырды

Бектенов әкімдерге жылу беру маусымына дайындықты жеделдетуді тапсырды
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның кей өңірлерінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары әлі толық аяқталмаған. Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге жөндеу жұмыстарын жеке бақылауға алуды тапсырды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, 14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылу беру маусымы басталған. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райына байланысты жылу 1 қазанға дейін кезең-кезеңімен беріледі.

Министр жалпы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Энергия көздерінде қажетті отын қоры жасақталған, ал 17 мың шақырым электр желісін жөндеу толық аяқталған. Тоғыз қосалқы станциядағы жұмыстар соңғы кезеңге жеткен.

Сәтбаев қаласында жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, қазір желілерді шаю және қысыммен тексеру жүргізіліп жатыр.

Петропавлдағы жылу магистральдарын жөндеу осы аптаның соңына дейін аяқталуы тиіс. 16 қыркүйектегі Үкімет мәліметінде Петропавл ЖЭО-2 жылу беру маусымын бастауға дайын екені, ал қаланың жылу желілерін дайындау жұмыстары аяқталуға жақындағаны айтылған.

Семейде үш жоба бойынша соңғы аптада жұмыстар тағы 15 пайызға орындалып, жалпы дайындық деңгейі 70 пайызға жеткен. Алайда сорғылар мен жылу алмастырғыштарды жеткізу 26 қыркүйекке жоспарланған. Осыған байланысты өңір әкімдігіне қажетті жабдықтарды жеткізуді жеделдету тапсырылды.

Степногорскіде жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарының жалпы орындалуы 76 пайызды құрайды. Жөндеуді 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Бұған дейін Үкімет Ақмола облысында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қоры жылу маусымына толық дайын екенін, алайда Степногорскідегі жылу магистралінде жөндеу жалғасып жатқанын хабарлаған.

Үкімет басшысы әкімдерге аяқталмаған жұмыстарды қысқа мерзімде бітіруді тапсырды.

"Әкімдер жөндеу жұмыстарының аяқталуын жеке бақылауға алуы қажет. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылуды уақытылы іске қосуға ерекше назар аудару керек", – деді Олжас Бектенов.

Үкімет жылу беру маусымына дайындық мәселесін бұған дейін де бірнеше рет қараған. 25 тамызда Премьер-министр өңірлердің күзгі-қысқы кезеңге толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырған еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер