Талғатты құртқан тобыр: Ермегияевтың інісі ел білмейтін шындықты айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Олжас Бектенов қолжетімді коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды

Олжас Бектенов қолжетімді коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды
Фото Informburo.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Отбасы банк халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

"Мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайту мақсатында қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамытып, көлемін ұлғайту қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуі тиіс. Отбасы банк өз кезегінде, халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі қажет, - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар, Премьер-министр Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен өңір әкімдіктеріне биылғы жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларын орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Қалалық ортаны жайлы ету маңызды, мектептер, балабақшалар және ауруханаларды қолжетімді қашықтықта салу қажет.

Үлкен қалаларда, әсіресе Астана мен Алматы қалаларында құрылыс көлемінің өсуіне байланысты, Бектенов Өнеркәсіп министрлігіне, "Бәйтерек" холдингіне және әкімдіктерге өңірлік бағдарламаларды жедел іске асыруды тапсырды.

Сонымен қатар, мынадай міндеттер қойылды:

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне – 1 шілдеге дейін қабылданған Құрылыс кодексі аясында нормативтік актілерді жаңарту және қабылдау, сондай-ақ олардың іске асырылуын үздіксіз қадағалау;

Өнеркәсіп министрлігі мен "Бәйтерек" холдингіне  қажетті құрылыс материалдары мен жабдықтарды өндіру бойынша 38 жобаны уақытында іске қосу;

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен жасанды интеллект министрлігіне – жоба сараптамасы бойынша ЖИ-модульдерін пилоттық режимде шілде айының соңына дейін іске қосу.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі