“Оқиға орнына әкім жетті”: Атырауда тұрғын үйде лифт құлап, адамдар ауруханаға түсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды тапсырды

Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды тапсырды
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Семей қаласының жылу желілерін жылыту маусымына уақтылы дайындамағаны үшін Абай облысы әкімінің осы бағытқа жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Үкімет отырысында Премьер-министр барлық өңір жылыту маусымына дайындық жұмыстарын мерзімінде аяқтағанын, тек Семей қаласында кешігу болғанын айтты.

"Барлық өңір жұмысты дәл уақытында орындады, бір өңір ғана қалып қойды. Осыған байланысты тиісті үйлестірудің болмауы мен Семей қаласының жылу желілерін уақтылы дайындамау фактісі бойынша Абай облысы әкімінің осы бағытқа жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін де Үкімет Семейдегі жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аударып, өңір басшылығына жұмыстарды жеделдетуді тапсырған болатын.

Қазір мәселе Семей қаласының жылу желілерін толық дайындау және жылыту маусымын тұрақты өткізуге қатысты бақылауда тұр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер