Үкімет отырысында Премьер-министр барлық өңір жылыту маусымына дайындық жұмыстарын мерзімінде аяқтағанын, тек Семей қаласында кешігу болғанын айтты.
"Барлық өңір жұмысты дәл уақытында орындады, бір өңір ғана қалып қойды. Осыған байланысты тиісті үйлестірудің болмауы мен Семей қаласының жылу желілерін уақтылы дайындамау фактісі бойынша Абай облысы әкімінің осы бағытқа жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін де Үкімет Семейдегі жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аударып, өңір басшылығына жұмыстарды жеделдетуді тапсырған болатын.
Қазір мәселе Семей қаласының жылу желілерін толық дайындау және жылыту маусымын тұрақты өткізуге қатысты бақылауда тұр.