Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті - Қазақстан жаңалықтары

Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті - Қазақстан жаңалықтары

Халық танымал тележүргізуші Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Талдықорғандағы журналистер үйінде өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейсен Абайұлын соңғы сапарға шығарып салу үшін келгендердің қарасы көп болды. 

Танымал журналист Нұртілеу Иманғали "Бейсентану" ғылымын қалыптастыруды ұсынып, өзінің естеліктерімен бөлісті. Осылайша қазақ журналистикасын жаңа деңгейге көтеруге болады деп санайды. Журналистің айтуынша, Бейсен Құранбектің өмірлік көзқарастары мен ұстанымдары да - жастар үшін үлгі.

"2004 жылы президенттің жанында бірге жұмыс істедік. Сол кезде мен Бейсеннің еңбекқорлығына тәнті болатынмын. Ол әжесін Астанаға алып келді. Бірақ үлкен кісі елорданы ұнатпағаннан кейін ол шығармашылығын тастап, үйіне қайтты. Сол кезде "Бейсеке, сіздің болашағыңыз керемет, сізді президенттің өзі жақсы таниды, елордада қалсаңызшы",дегенімде, келіспеді. "Апам өмір бақи жанымда болмайды. Ал жұмыс табылады", деді. Бейсеннің даналығына мен әркез таңқалатынмын. Жаның жәннәтта болсын, досым", - деді журналист Александр Аксютиц.

Бейсен Абайұлы 49 жасында дүниеден озды. Марқұм Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан