Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы және Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі кінәлі деп танылды.
Қыдырғали Байбекке заңсыз кәсіпкерлік қызмет (ҚР ӘҚБтК 319-бабы) және заңсыз құрылыс (ҚР ӘҚБтК 463-бабы) фактілері бойынша екі әкімшілік хаттама жасалған еді.
Бүгін, 13 шілдеде, сағат 10-да Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қыдырғали Байбектің "Әулие"ТК-де тұрғын емес үй-жайға жеке кіреберіс салғаны анықталды. Бұл ретте уәкілетті органға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы ешқандай хабарлама түскен жоқ, сондай-ақ тиісті құрылыс бақылауы да болған жоқ.
Сот Қыдырғали Байбекті кінәлі деп тауып, 51 750 теңге көлемінде айыппұл тағайындады. Қаулыға қайта шағымдануға болмайды.
Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы және Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін тағы бір сот күтіп тұр.