KZNews.kz
Жаңалықтар

"Бауырларымды қайда жібердің?" – Атырауда жоғалған отбасының туыстары жан айқайын жеткізді (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

Атырауда жоғалып кеткен отбасының иесі Мақсот Мұқанғалиевтың қарындасы Асила Мұқанғалмева журналистерге сұхбат беріп, жан айқайын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Аман-есен бәріңіз ортамызға оралыңыздаршы. Сұлтан, бауырларымды қайда жібердің? Бір хабарын беріңдерші деп тілеймін. Мақсот Мұқанғалиев деген кісі – менің әкемнің інісі. Ең бірінші Наурыз деген інім жұмысқа кетеді. Ол телефон арқылы сөйлесіп тұрады екен. "Менде бәрі жақсы, жұмыстамын, қолым тимей жүр" дейтін", – деді

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді. 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағаны туралы арызбен жүгінген.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен азаматтарға іздеу жарияланған. Атырау облысы полиция департаменті таратқан бағдарламаға сәйкес, төмендегі тұлғалар іздестірілуде:

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары