KZNews.kz
Шоу-бизнес

Батыс Қазақстанда жас полицей көз жұмды – тергеу басталды

KZNEWS

Орал-Ақсай тас жолында 28 жастағы полиция қызметкері жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

БҚО полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 9 мамыр кешкі сегіздер шамасында болды.

Орал-Ақсай тас жолының 25 шақырымында ВАЗ-2110 маркалы автокөлік аударылған.

"Облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері рөлге ие бола алмай, аударылды. Салдарынан полицей ауруханада көз жұмды. Оның қасында екі жолаушы отырған, олар аман", - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Полицей жол апаты кезінде сау болған.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Автокөлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Бұған дейін Орал-Тасқала тас жолында осыған ұқсас трагедия болған еді. Қаланың полиция басқармасының қызметкері рөлге ие бола алмай, жол апатына түсті. Салдарынан оқиға орнында қаза болды.

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →