Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды

Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғали Есқалиевті Батыс Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

49 жастағы Есқалиев Батыс Қазақстандағы ауыл шаруашылығы институты мен Халықаралық бизнес академиясын экономист мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

2012-2014 жылдары - Жамбыл облысы, 2014-2016 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2019 жылдың қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Мемлекеттік басылымдар жаңа әкімнің "Нұр Отан" мүшесі екенін жазады.

Есқалиевқа дейін бұл қызметті Алтай Көлгінов атқарған. 13 маусымда ол Тоқаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалды.

Астана әкімінен бөлек, бүгін Қазақстанның білім министрі де ауысты. Биыл ақпанда тағайындалған Күләш Шәмшидинова қызметінен босап, орнына Асхат Аймағамбетов келді. 12 маусымда Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты – президент әкімшілігінің жетекшісі, Кәрім Мәсімовті ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.


Azattyq
Автор
Арман