Бірақ жай азамат емес, Ресей тағдыры үшін үшінші онжылдықтан бері үлкен жауапкершілікті мойнына алған мемлекеттік қызметкер ретінде Владимир Путиннің кеңестік кезеңге қатысты көзқарасы дәл осы тұста айшықталып отыр емес пе? Осы күндері КСРО-ның ыдырауына не және кім себеп болғаны туралы пікірталас қайта қыза түсті. Оларды жалпы жинақтап, негізгілеріне тоқталуға болады.
Біріншісі: Кеңес Одағының таратылуына ішкі себептер әсер етті. Сыртқы факторлар, атап айтқанда, батыстық үгіт-насихаттың деструктивті рөлі өте аз болды.
Екіншісі: осы аталған ішкі себептер жүйелі сипатта болды. Яғни, қатерлі нәтижеге алып келген нақты адамдардың нақты шешімдері болғаны сөзсіз. Бұл 30 жыл бұрын қол қойылған Беловеж келісіміне де қатысты. Бірақ 1980-жылдарға қарай кеңес элитасында мемлекеттің түбіне жеткен адамдар тобы басым болғаны кеңестік кадр саясатындағы үлкен ақауды білдіріп тұр. Сонымен қатар КСРО мемлекеттік құрылымының негізіне жататын және оның тағдырында шешуші рөл ойнаған ұлттық ұстанымды да еске алуға болады. Бұл туралы Путин де бірнеше рет айтқан. Бұдан басқа тағы өте көп мәселе бар.
Үшіншісі бастапқы екі тармаққа тікелей қатысты: КСРО ыдырауы мен құлдырауы ерте ме, кеш пе болатын өзгеріс еді. Себебі оның негізіндегі ерекшеліктер бәрібір осыған алып келер еді. Кеңес Оағы ұзақ мерзімді болашақта тіршілік етуге қауқарсыз болды.
Әлі күнге дейін көп адамның әдемі әр сағынышқа толы естеліктерінің нысаны ретінде сақталып отырған Кеңес Одағы Путин мен Ресей мемлекеттік билігінің басындағылар үшін мемлекеттік-саяси сипатта ең үрейлі нұсқа болып отыр. Бұл "қалай жасамаудың, қандай шешім қабылдамаудың" үлгісіне айналды. Себебі бұл жол жақын болашақтағы кезекті ұлттық апатқа алып барады.
Сондықтан болар, тараптар арасындағы диалог түсіністіктен біржола арылып жатыр. Кеше ғана өткен ресейлік және америкалық президенттердің онлайн-келіссөзі бұл қарқынды тереңдете түсті. Бастапқыда Батыс бүкіл әлемді өзі ойлап тапқан "Ресей Украинаға басып кіруге дайындалып жатыр" деген ақпаратқа сендірді және өзі сенді. Алайда еш себепсіз көрші елге шабуыл жасау туралы ұстаным Владимир Путин саясатына сай келмейді.