Жаңалықтар

"Басқаны құтқарып, өз өміріңді қидың": Астаналық фельдшердің қайын әпкесі келінін жоқтады

"Басқаны құтқарып, өз өміріңді қидың": Астаналық фельдшердің қайын әпкесі келінін жоқтады
ашық дереккөзден

Астанада тұрғын үйдің қасбетінде кірпіш қаптама құлап, ауыр жарақат алғаннан кейін қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайын апасы келінін жоқтап, Threads желісінде жүрек тебірентер жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Марқұмның жақыны Назерке Зейнел көз жұмған келінін былай деп еске алды:

«Жап-жарық жұлдызым, аппақ келінім, бұл өмірге сыймай кеттің-ау. Аллам өзі алып кетті-ау арамыздан. Жарқ етіп жанған жұлдызым еді… Өміріңді қиып, басқаларды құтқарып, бізді тіл қатпастан тастап кеттің-ау. Бір ауыз сөзге де келмей… Аллам, Жәннаттың төрінен орын бере гөр. Алланың ісіне көнеміз, басқа амал бар ма? Біз сенімен мақтанамыз, сен нағыз батырсың».

Жазбаны оқыған көптеген желі қолданушылары қайғыға ортақтасып, көңіл айтып, жылы лебіздерін қалдырды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz