KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Басқалардың надан екенін көрсеткім келді”: Борат Қазақстаннан кешірім сұрады

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Британдық актер Саша Барон Коэн «Борат» кейіпкерінің бейнесі үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Подкастта актер алғашқы фильмнен кейін Қазақстан елшілігінің ресми шағым түсіргенін еске алып, қазақстандықтардың наразылығын түсінетінін жеткізді.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. [...] Қазақстандықтар, маған ренжімеңіздерші. Мен сіздерге тек құрметпен қараймын», – деді Коэн.

Оның сөзінше, Бораттың шынайы Қазақстанға еш қатысы жоқ. Кейіпкер арқылы батыс қоғамындағы қалыптасқан жаңсақ түсініктерді көрсеткісі келген.

Еске салайық, «Борат» фильмінің алғашқы бөлімі 2006 жылы жарық көріп, Қазақстанда наразылық тудырған. Ал 2020 жылы шыққан екінші бөлімнен кейін де белсенділер актерден кешірім сұрауды талап еткен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →