KZNews.kz
Қоғам

Бас прокуратура Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қаза тапқан сарбаздардың аналарын қабылдайды

Ayzhan Sylanova
Фото: orda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан соң Бас прокуратура тиісті шараларды қолға алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарымен жеке кездесу өткізеді.

«Аналардың айтқан әрбір уәжі мен өтініші назардан тыс қалмайды. Біз әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жан-жақты тексереміз. Сонымен қатар, әскерге шақырудың заңдылығы мен медициналық тексерудің қорытындыларының негізділігіне де баға беріледі», – деді Бас прокурор Берік Асылов.

Оның мәлімдеуінше, бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері де тартылған. Тексеру нәтижесінде әскери қызмет жүйесіндегі кемшіліктер анықталса, тиісті шаралар қабылданбақ.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары