Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының шағымы Президентке жетті

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының шағымы Президентке жетті
Фото: Alash.kz

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының арыз-шағымдарына қатысты мәселе Мемлекет басшысының бақылауына алынды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде мұқият қарастырып, тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды», — деп жазды Руслан Желдібай.

Бұған дейін Астанада Азаматтарды қабылдау орталығына жиналған бірнеше ана өз балаларының өліміне қатысты істің әділ тергелмей жатқанын айтып, биліктен араша сұраған еді. Олардың сөзінше, кейбір жағдайларда сарбаздардың өлімі “өз-өзіне қол жұмсау” деп тіркелгенмен, ата-аналар мұндай нұсқамен келіспейді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.