Қоғам

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты

Астанада қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіне шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Сарбаздардың аналары реформа жасауды талап етті. 

Еске салайық, екі жыл бұрын әскерде жүріп жұмбақ жағдайда қаза болған Қайсар Сұлтановтың анасы мен заңды өкілдері әлі күнге дейін әділдік іздеп жүр. Олар марқұмның өз-өзіне қол салғанына сенбейді.

Биылдың өзінде әскерде бірнеше трагедия болды. 18 қыркүйекте Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек өлі табылды. 

Сонымен қатар, Жетісу облысында тағы бір сарбаз қаза тапты. Ал Алматыда мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көпқабатты үйден секіріп кетті. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Алматы қаласында жас сарбаз Нұрасыл 2025 жылдың күзінде әскерге шақырылып, бар болғаны бір апта өткен соң қаза тапты. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz