Шоу-бизнес

"Барып маңдайынан иіскедік": Роза Әлқожа Оразалының ұлы мен қызына ерекше құрмет көрсетті (ВИДЕО)

"Барып маңдайынан иіскедік": Роза Әлқожа Оразалының ұлы мен қызына ерекше құрмет көрсетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Роза Әлқожа марқұм Оразалы мен Ажардың балаларына ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көпшілікке ыстық ықыласын жеткізді. Желідегі бейнежазбада Роза Әлқожаның Оразалы мен Ажардан қалған ұл-қызды құшақтап, маңдайынан иіскеп тұрғаны көрінеді.

Желі қолданушылары бұл әрекетті үлкен адамдыққа балап, жүрекжарды пікірлерін жазды. Көпшілік Оразалының ұлы әкесіне аумай қалғанын жарыса айтып, Роза Әлқожаның жылдар бойы отбасының балаларын назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсетіп жүргеніне алғыс білдірді.

Пікірлер арасында: "Ұлы әкесінен айнымайды, Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Розаның адалдығы байқалып тұр, шын достық деген осы", "Орнында бар оңалар, балаларының ғұмыры ұзақ болсын", "Оразалының күлкісі, жүрісі – бәрі баласында қалған екен", – деген жылы лебіздер көбейді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz