- Жаңа кезең бастауы болған Жаңаөзен ереуіліне Президенттің үкімет комиссиясын жіберіп, ереуілшілердің талабын орындатуы - 30 жылдық Тәуелсіздігіміздегібиліктің халыққа жасаған алғашқы қадамы.
- Қаңтардағы қасірет - еліміз бойынша бейбіт шерушілердің митингісін мемлекеттік төңкеріс жасаушылар өз мақсаттарына пайдаланып кетіп, қанды бүлікке жалғасуы.
- Қазір әлеуметтік желілерде “Ереуілде террористер де, содырлар да болған жоқ” деген, “президент не айтса да, шын сөзін жоққа шығару” синдромы жүріп жатқанын да байқаймыз.
- Жазықсыз жандарды атып, арандатушылық жасаған күштердің шабуылынан қазіргі олардың интернеттегі іріткі салып, арандатулық шабуылдары да ешбір кем соғып жатқан жоқ.
- Қаңтар қасіретінде Президенттің барлық жауапкершілікті өзі көтеруі мемлекетті сақтап қалды.
- Кез келген мемлекеттік төңкеріс құрбандықсыз болмайды, 227 адамның қаза тапқаны орны толмас ауыр қайғы!.
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы қаңтар қасіретінен кейінгі тағы бір қайратты қадамы - экономикамызда жариялылықты жариялауы болды.
- Әлеуметтік жағдайы төмендерге арналған “Қазақстан халқына” қорына байлардан 100-деген млрд қаржы түсуде.
- Тоқаев отыз жылдық қоғамдық-саяси жүйенің, экономикамыздың неге дамымай отырғанының, тамырымызды кеміріп, жегі құрттай жеп жатқан жемқорлықтың сүйекке сіңіп кеткен қауіпті ауруының диагнозын дәл қойып, тура тапты және оны елге ашық жариялады.
- Қаңтардың қанды қырғынында көшеге шыққан жастардың көбісі ешнәрсе жоғалтпайтындар еді. Өйткені олардың қолында ешнәрсе болған жоқ. Басында баспана жоқ, «екі қолға –бір күрек» жұмыс жоқ. Жұмыс жоқ болғасын көретін күн жоқ. Өйткені, тауып жатқан пұл жоқ. Арызын айтып барса, мемлекеттік мекемелерде Қазақша тіл жоқ!
- Қандай ел болсын, әлемдік кеңістіктен тыс өмір сүру қиын екендігі белгілі. Сондықтан, елімізге бұрынғы жайлы инвесторлық климатты қайтару үшін және бұл қанды бүліктің қайталанбауы үшін Ұлттық келісім қажет. Барлық заңсыз қамауға алынған демонстранттарды босатып, қайғылы оқиғаларды объективті түрде тергеуді, мемлекеттік төңкерістің басшылары мен қосшыларын, орындаушыларды, қолдары қан содырларды, қарақшыларды және т.б. тұтқындап, қатаң жазалануы қажет. Бұл туралы парламентте «Ақ жол» фракциясы екі рет депутаттық сауал жасады. Парламенттік тыңдау өткізуді ұсынды. Бұл ұсынысымызды бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов та қолдады.
Қазыбек ИСА