Актер Жахан Отарғалиев әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ешқандай өкпе-назы жоқ екенін айтып, онымен бірге жұмыс істеген жылдарын жылы еске алды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Жаханның айтуынша, ол Тұрсынбек Қабатовпен төрт жыл қатар жүріп, тек кәсіби емес, өмірлік тұрғыда да үлкен тәжірибе жинаған.
"Тұрсынбекке өкпе жоқ, жанында 4 жыл жүрдім. Тек қана плюс алдым. Қазір жастарға айтқым келетіні, қазір жастар бір жерде ұзақ жүре алмайды. Тез нәтиже көргісі келеді. Мен 4 жыл жүріп, өміріме керек тамаша тәжірибе жинадым. Адамдармен сөйлесу, Тұрсынбек қалай өзін ұстайтыны, бастықтар мен бизнесмендермен қалай сөйлесетіні, кез-келген ортада күлдіре алуы бәрі сабақ болды. Қазір мен Forbes-тағы адамдармен араласам. Кез-келген жерде өзімді ұстай аламын. Соның барлығын Тұрсынбектен үйрендім. Тойға кеткенде де, таза Тұрсынбектің стилімен жүргіздім", – дейді әзілкеш.