Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бәріне рақымшылық беремін": Трамп мыңдаған адамға кешірім жасамақшы

"Бәріне рақымшылық беремін": Трамп мыңдаған адамға кешірім жасамақшы
Фото: Карлос Барриа/Reuters.

Дональд Трамп өзінің екінші президенттік мерзімінің соңында жақын кеңесшілеріне жаппай рақымшылық жасайтынын айтқан. Ол соңғы бір жылдағы бейресми әңгімелерінде бұл уәдесін бірнеше рет қайталаған, деп хабарлайды kznews.kz The Guardian басылымна сілтеме жасап.

«Мен Ақ үйдегі  кабинетке 200 футтан жақын келгендердің бәрін кешіремін», — деген ол жақында өткен кездесулердің бірінде. Бұл сөз залды күлдірген, деп жазады The Wall Street Journal анонимді дереккөзге сілтеме жасап.

Басқа дереккөздің айтуынша, Трамп бұл ойды бұған дейін де айтқан, бірақ сәл басқаша түрде. Ол президенттік кабинетке 3 метрден жақындаған кез келген адамға рақымшылық жасайтынын жеткізген. Сондай-ақ кейбір дереккөздер оның қызмет мерзімінің соңында арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, жаппай кешірім жариялауды қарастырғанын айтады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт бұл ақпаратқа жауап беріп, «Wall Street Journal әзілді тым байыппен қабылдамауы керек. Дегенмен президенттің рақымшылық беру құқығы абсолютті» деп мәлімдеді.

Трамп екінші президенттік мерзімі басталғалы бері 1800-ден астам адамға рақымшылық жасаған. Қызметке кіріскен алғашқы күні-ақ ол 2021 жылғы 6 қаңтарда Капитолийге жасалған шабуылға қатысқан 1500 адамды кешірген болатын.

Сондай-ақ ол жақында Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоға да рақымшылық берді. Чжао бұған дейін заң талаптарын бұзғаны үшін төрт ай түрме жазасын алған еді.

Трамптың рақымшылық шешімдері кей жағдайларда сот жүйесіне сын ретінде бағаланған. Ал кейбір істерде айыпталушылар өз істерін осы жаппай кешірімдермен байланыстырып, жауапкершіліктен босатуды талап еткен. Алайда сот мұндай өтініштерге әзірге нақты шешім шығармаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер