Коронавирустың ошағы болған Қытайдың Хубэй провинциясындағы Уханьнің жедел штабы он күн ішінде қалада жаңа жұқтыру жағдайлары анықталғаннан кейін барлық тұрғындарға COVID-19 бойынша скрининг жүргізуге нұсқау берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бір күн бұрын 3 сәуірден бастап қалада алғаш рет коронавирус жұқтырған адам анықталды, науқастың жағдайы - ауыр. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша Уханьде белсенді түрде жұқтырғандар саны алты адамға жетті. Олардың бәрі ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар, коронавирустың анықталған симптомсыз тасымалдаушыларының саны 11 адамға артты.
Қытай вирусологтарының сөзінше, симптомсыз жұқтырғандар қауіпті болады, өйткені олар коронавирус пневмониясының жаңа көзі болуы мүмкін.
stan.kz