"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

БАҚ: Майкл Джексонның қызы әкесі туралы фильм шыққаннан кейін өзіне қол жұмсамақ болды - Қазақстан жаңалықтары

БАҚ: Майкл Джексонның қызы әкесі туралы фильм шыққаннан кейін өзіне қол жұмсамақ болды - Қазақстан жаңалықтары

Майкл Джексонның қызы Пэрис өзіне қол жұмсамақ болды. 

Бұл туралы TMZ порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Бүгінде Пэрис ауруханадан шығарылды. Оны туыстары бақылауда. 

Басылымда аталғандай, танымал әншінің қызының өзіне қол жұмсауына «Неверлэндтен кеткенде» деректі фильмінің шығуы себеп болуы мүмкін. Фильмде поп-музыканың королі балаларға сексауалдық зорлық жасады деп айыпталған.  

20 жастағы Пэрис әкесінің кінәсіз екеніне сенімді. Ол дау тудырған фильмді әлі көрмеген. 

2013 жылы Пэрис Джексон суицид жасап өлмек болған еді. Артынша ол күйзеліспен күресіп жүргенін жасырмай айтты. 

Екі бөлімнен тұратын «Неверлэндтен кеткенде» деректі фильмін түсірген – америкалық HBO компаниясы. Фильм бала кезінде Джексонмен танысқан Уэйд Робсон мен Джеймс Сейфчактың әңгімелерінің негізінде құрылған. Олар әншімен дос болып, жасырын қарым-қатынас үшін артықшылықтарға ие болады. Алғаш рет жыныстық қатынасқа түскенде Робсон 7 жаста, Сейфчак 10 жаста болған көрінеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.


stan.kz
Автор
Әлихан