Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Банктер мен әкімдер сыннан құтылу үшін кибершабуылға көшті: Arasha.kz порталына шабуыл жасалды

Банктер мен әкімдер сыннан құтылу үшін кибершабуылға көшті: Arasha.kz порталына шабуыл жасалды
Иллюстрация ЖИ

Arasha.kz порталы ірі кибершабуылға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Arasha ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық Arasha.kz ақпараттық порталы бірнеше күннен бері ауқымды DDoS-шабуылға ұшырап жатқанын хабарлады. Редакция бұл әрекетті өздерінің журналистік зерттеулерімен, атап айтқанда, шенеуніктер мен қаржы институттары туралы жарияланған мақалалармен тікелей байланыстырады.

Сайттың техникалық мамандарының есебінше, кибершабуыл бірнеше елден ұйымдастырылған және оның қуаттылығы мамандардың өзін алаңдатып отыр. Порталға бір сәтте 26 гигабайт, ал келесі күні 87 гигабайт көлемінде жалған сұраныс жолданған. Бұл жүз мыңдаған бот-қолданушының бір мезгілде сайтқа кіруге тырысқан әрекетімен тең.

Редакция бұл шабуылды кездейсоқтыққа жатқызбайды. Олардың айтуынша, бұған дейін аймақ әкімдері, олардың орынбасарлары және квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алулар туралы бірнеше зерттеу материалы жарық көрген. Соңғы кездері банктер мен басқа да қаржылық топтар туралы мақалалардан кейін редакцияға материалды сайттан алып тастау туралы ұсыныстар да түскен. Алайда, портал өз саясатына берік екенін және мұндай ұсыныстардан бас тартқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта техникалық мамандар тобы сайтты қорғау және оның тұрақты жұмысын қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұндай оқиға Қазақстандағы тәуелсіз ақпарат құралдарына жасалып отырған қысымның бір көрінісі болуы мүмкін.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан