Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Банкрот болдым”: Айнұр Тұрсынбаева елге мұңын шақты

“Банкрот болдым”: Айнұр Тұрсынбаева елге мұңын шақты
Фото: әлеуметтік желіден

Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі — банкрот болған сәті туралы ашық жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпкер сторисінде «Банкрот болдым» деген жазумен суреттер бөлісіп, бизнес жолындағы ауыр сынақтарды еске алған. Оның айтуынша, алғаш кәсіп бастағанда түрлі қаржылық қиындықтарға тап болып, толықтай банкротқа дейін барған.

Соған қарамастан, Айнұр Тұрсынбаева мойымай, еңбектенуді тоқтатпағанын айтты. Ол табандылық пен үздіксіз ізденістің арқасында қазіргі жетістікке жеткенін жеткізді.

Бизнес коуч бүгінде өз тәжірибесі арқылы көпшілікке мотивация беріп, қандай қиындық болса да мақсаттан бас тартпауға шақырып келеді. Оның шынайы жазбасы желі қолданушылары арасында кең талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.