KZNEWS.KZ
Аймақ

Балқаш ауданында шулы оқиға: полицей әйелін көлікпен қағып кеткен

• KZNEWS
Фотоиллюстрация: Kznews AI

Балқаш аудандық полициясы басшысының орынбасары әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы облысында Балқаш аудандық полиция бөлімінің 37 жастағы басшы орынбасары әйелін көлікпен қағып, өліміне себеп болды деген күдікпен ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жұбайын көлікпен қағып кеткен. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ИВС-ке қамалды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік Балқаш ауданы Алматы облысына қарайды. Орталығы – Бақанас ауылы.

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →