Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Баланы байлап, аузын жауып тастады: полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді

Баланы байлап, аузын жауып тастады: полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Әлеуметтік желіде бөлме ішінде байланған баланың видео тараған болатын. Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полициясы 3 жастағы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жантүршігерлік видеоны Айгүл Орынбек есімді желі қолданушысы Facebook-тегі жеке парақшасына жүктеген. Видеодан бүлдіршіннің қолы байланғанын, аузы орамалмен жабылғанын анық көруге болады. Сондай-ақ онда адамдардың ұрысып жатқанын анық ести аласыз.

Түркістан облысының полиция департаменті оқиға 8 қаңтар күні Сарығаш ауданында болғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапқан.

Тағы оқыңыз: Бала күтушілер интернетте лайк жинау үшін сәбиді шокермен азаптаған

"Бұл жайт 8 қаңтарда Сарығаш аудандық полиция бөліміне сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туған ұлына қысым көрсетті деп шағымданды. ҚР қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау"  бойынша іс қозғалды", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан