KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Балам тағдырын сезгендей болды»: ақын Серікзат Дүйсенғазы жанын ауыртқан кезеңді еске алды (ВИДЕО)

Дархан Тоқан
Коллаж: ozgeris.info

Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы “Адырна” YouTube арнасына берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр сынақтарды айтып, ұлынан айырылған сәттегі күйін жасырмай жеткізді. Бұл туралы Kznews.kz сайты Ozgeris.info сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

Ақынның сөзінше, қайғы түскен тұста есеңгіреп қалған. Кейін марқұм ұлының жазбаларын тауып алып, оның өлеңдерінен тағдырын алдын ала сезгендей мән аңғарғанын айтты.

“Қайғы – сынақ. Құдай сынақты да бекер бермейді, оның философиялық астары бар шығар. Кейін баламның өлеңдерін тауып алдым. Сол өлеңдерінде өзінің тағдырын сезгендей жазады. 15 жасында терең философиялық туындылар жазған. Ойланып қалдым, бұл жай нәрсе емес қой деп”, – деді ол.

Серікзат Дүйсенғазы осы кезеңде жанынан табылып, ақыл айтқан аға буын өкілдері болғанын да атап өтті. Айтуынша, олар мұндай қасіретті көтере алмай, өмірден өтіп кеткен жандарды мысал еткен.

Ақын үшін тағы бір ауыр соққы – анасының дүниеден озуы.

“Анам біздің әулеттің бар қайғысын өзімен бірге алып кеткендей болды”, – дейді ол.

Сұхбат барысында бұл жағдайдың жары Айнұрға, яғни ұлының анасына аса ауыр тигенін де айтқан.

“Анаға өте ауыр екен. Әлі күнге дейін сол қайғыдан шыға алмай келеді”, – деді ақын.

Сондай-ақ Серікзат Дүйсенғазы ұлы Әлихан өмірден өткеннен кейін 9 ай өткен соң Әлімхан есімді перзенті дүниеге келгенін жеткізді. Ақынның айтуынша, бұл – жоспарланбаған, көптің батасымен келген сәби.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →