Жаңалықтар

"Әйелімнің құрсағына бала бітті": Серікзат Дүйсенғазы таңғажайып оқиғаны айтты (ВИДЕО)

"Әйелімнің құрсағына бала бітті": Серікзат Дүйсенғазы таңғажайып оқиғаны айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі ақын, ғалым әрі зерттеуші Серікзат Дүйсенғазы өмірінде болған таңғажайып жайт туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақынның айтуынша, 2023 жылы оның 16 жастағы ұлы – халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Әлихан Серікзатұлы Мақсұт Көкшетауда шаңғы теуіп жүріп қаза болған.

"Көз алдымда ұлымнан айырылдым. Сол кезде бәрі маған ұл тіледі. Отбасымызда екі қыз, бір ұл едік. Ұлымның қазасы бәрімізге ауыр соқты, тіпті анам да сол қайғыдан көз жұмды. Барлығымыз есеңгіреп жүрген шақта күтпеген оқиға болды", – деп жазды ақын.

Серікзат Дүйсенғазының сөзінше, дәл сол қиын кезеңнен кейін әйелі жоспарсыз түрде жүкті болып, бұл жағдайды отбасы нағыз керемет ретінде қабылдаған.

"Ұлым қаза тапқан 2 қаңтар күні кешке болды, ал дәл тоғыз ай өткен соң, 3 қазан күні таңертең жаңа сәби дүниеге келді. Бір күн ерте немесе кеш емес – тура сол мерзім. Біз бұны ерекше тағдырдың белгісі деп білдік", – дейді ол.

Ақын жаңа туған ұлына марқұм ағасының есіміне ұйқас етіп Әлімхан деп ат қойыпты.

"Әлиханның есімін академик, ұстазым Рымғали Нұрғали ағамыз қойған еді. Ал Әлімханның атын академик Дихан Қамзабекұлы ағамыз қойды. Қазір ағасының ізін жалғастырып келе жатқан екі жастағы ұлым өсіп келеді", – деді Серікзат Дүйсенғазы.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz