Жемқорлыққа нөлдік төзімділік: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясынан жауап келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Балам ауру емес. Сау”: Мектептегі сыныптастарына балтамен шабуыл жасаған баланың анасы жанайқайын жеткізді

“Балам ауру емес. Сау”: Мектептегі сыныптастарына балтамен шабуыл жасаған баланың анасы жанайқайын жеткізді

Атырау облысы, Құлсары қаласындағы №6мектептің ішінде балтамен жүгірген оқушының анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ананың сөзінше, жөнімен сыныбында отырған ұлын 4 оқушы шақырып алып, дәретханада әлімжеттік көрсеткен. Намысына тиетін сөздер айтқан. Содан әбден ызаланған баласы оларды қорқыту үшін соңдарынан балтамен қуған. 

Тіпті, ұлы мектепке барғысы келмейтінін айтқанымен, анасы райынан қайтарып келген. 

«Балам ауру емес. Дені сау. Видеодан көрсеңіздер  тек өзіне тиіскен балаларды ғана қуған. Тіпті маған: “ бұл мектепке барсам маған бірдеңе болуы мүмкін”деп жиі айтатын. Қайдағыны айтпа, бір жылың қалды деп басу айтатынбыз»,- деді оқушының анасы. 

Ананың айтуынша, әлімжеттік жайлы шағымданғандарды бұл мектепте “терпила” деп атайтын көрінеді. Содан балалар көрген қорлығы туралы ешкімге тіс жармайды екен. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.