Тоқаев Alem.ai орталығын аралады: Astana Smart City, Tomorrow School және CryptoPay таныстырылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда оқушы шабуыл жасамақ болып, мектепке балтамен келген

Алматыда оқушы шабуыл жасамақ болып, мектепке балтамен келген
Фото: Depositphotos.com

Алматы қаласында мектеп оқушысы сабаққа балта алып келіп, шабуыл жасауды жоспарлағаны анықталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға Жетісу ауданында болған. Тергеу мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқаулардың ықпалымен құқыққа қарсы әрекетке бармақ болған.

Алайда полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, ешкімге зиян келтірілмей тұрып жасөспірімді ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар, қызды мұндай әрекетке итермелеуі мүмкін тұлғалар да тексерілуде.

Ал оның ата-анасына қатысты баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.