Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның қарым-қатынасына қатысты ойын білдіріп, олардың балаларының қуанышты сәттерінде бірге болғанын қалайтынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі Мөлдір Мұқанованың үш баласына арнап ұйымдастырған мерекелік кешке қонақ ретінде қатысқан. Оның айтуынша, бұрынғы ерлі-зайыптының балалары үшін достық қарым-қатынасты сақтағаны маңызды.
"Мөлдір мен Тұрсынбек екеуі де тойда болса екен. Ең болмаса дос ретінде, балалардың алдында, олардың әр қуанышында бірге болса екен. Бірге көрсек екен деп армандап отырмын", – деді әнші.
Жазира Байырбекова екі тарапқа да құрметпен қарайтынын айтып, олардың ең алдымен балаларының игілігі үшін ортақ тіл табысқанын қалайтынын жеткізді.
"Тұрсынбекті де, Мөлдірді де құрметтеймін, сыйлаймын. Екеуі де өте жақсы адамдар. Шын жүректен балалары үшін бас қосып тұрса екен деп тілеймін", – деді ол.