KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Балалардан ұят": Жақында ғана әке атанған Өмірқұл Айниязов немерелі болды

• Нұрсұлтан


Бірнеше ай бұрын ғана үшінші рет әке атанған әнші Өмірқұл Айниязов немерелі болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қуанышты жаңалығын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Осыдан 4 ай бұрын балалардан ұят болды-ау деп ұлды болып едім. Ал бүгін немерелі болдым ағайын, құттықтап қойыңыздар”, – делінген жазбада.

Жазбаға желі қолданушылары "Ата мәртебеңіз құтты болсын!", "Ондай бақыт әркімге бұйыра бермейді, сондықтан бұл ұят емес", "Құттықтаймын! Анам да мені 45-те дүниеге әкелді", "Не ішіп жүрсің, айтшы?" деген пікірлер қалдырған.

Еске салсақ, бұған дейін Өмірқұл Айниязовтың жүкті келінімен түскен фотосы сынға қалғаны туралы жазған едік.



Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →