НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Ақтаудағы жеке балабақшада 2018 жылы дүниеге келген сәби көз жұмды.
Қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні түс кезінде болған, деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, бала 27-ші шағын аудандағы жеке балабақшаға барған. Сәбидің неден көз жұмғаны белгісіз.
Тағы оқыңыз: Туысы бетінен сүйген соң жаңа туған сәби шетінеп кетті
"Бұл факт Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.