Байқоңыр туралы реферат
01.12.2020
22:02
0
2
Тақырыбы: Байқоңыр
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Байқоңыр: Кеше. Бүгін. Ертең
б) Қазақтың тұңғыш жер серігі «Kazsat» пен Байқоңыр болашағы «Бәйтеректің» көлеңке тұстары мен күнгей жақтары
в) Байқоңыр ғарыш айлағындағы экологиялық мәселелер
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы басқа факторлар ескеріледі. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: тех тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар тағы басқа көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына орналасқан бірнеше спорттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды. Байқоңырдан күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері «Восток», «Восход», «Союз», «Пргресс» ғарыш кемелері «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, сондай – ақ, зерттеу – барлау жұмысын жүргізуге арналған «Космос», ғылыми – тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланатын және метеорал бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор» тағы басқа жердің жасанды серіктері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ – лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен баңдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта екі рет (1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандақтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, В.Мәжіғұлов, Т.Уәлиев, Қ. Әбілғазин, полк Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б.Ешімов, Қ.Нұрмұқанов, Р.Құлмырзаев, М.Мұқанов тағы басқа болды.
Қазақстан азаматы, ұшқыш – сынақшы, майор М.з. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының қаласына қайтарылып, 1993 жылы Ресей Федерациясына берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптаы байқалды. Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың тонна ұлы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.
Байқоңыр: Кеше. Бүгін. Ертең.
1957 жылы 15 мамырда Байқоңыр ғарыш аймағынан тұңғыш континентаралық баллистикалық зымыран ұшырылды. Ал, 4 қазанда жасанды жер серігі орбитаға шығып, дүниежүзін дүр сілкіндірді. Америка Құрама Штаттарының әскери ғалым мамандары қаншама тырысса да кеңестік ғалымдардан 5 ай кешігіп қалды.
Ғарышқа адам ұшыру мақсатында ондаған иттер, басқа да жәндіктер орбитаға шығарылады. 1961 жылдың бас кезінде қуыршақ манекен (Иван Иваныч) ұшырылды. Ол белгіленген ауданға дәл қонып, ғарышқа адам ұшу кезеңін жақындатты.
1961 жылы сәуірдің 12–сі адамзат баласының тарихындағы ең бір ұмытылмас өрелі күн. Осы күні адам алғаш рет ғарыш кеңістігіне ұшып шықты. 1961 жылы сәуірдің 12 – ші жұлдызында Мәскеу уақытымен таңертеңгі 9.03 – те әйгілі конструктор, екі дүркін Социалистік Еңбек Ері, академик Сергей Павлович Коралвтің командасы бойынша КСРО – да бірінші болып Ю.А. Гагарин ғарышқа самғады. Бұл таңғажайып оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.
Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты – басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.
Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.
Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал – жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық – түлік, су, киім – кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.
Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны, әрине, бізге құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарын оқуға болады» дегенді талай – талай естідік. Демек, ол жердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, не тындырып жатыр деген сұраққа жауар алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп, әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз. Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін осы әскери зымырандар.
Төртіншісі: байланыс – жер серіктері. Біздің түрлі – түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде көзіқарақты адамға артық.
Бесіншісі: Планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай – ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәлімет алып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз – жылма – жыл жүздеп ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізетіндігі.
Косманавтиканың табыстарын, жетістіктерін айтқан кезде, оның жолындағы қиындықтарды да, тіпті құрбандықтарды да айтпай кетуге болмайды. Сонау Байқоңырдың ортасында генерал Неделин бас болған бір топ ғарыш қызметкерлерінің бейіті жатыр. Олар космодрамда ұшқалы тұрған ракетаның жарылуынан қаза тапқандар. Тамаша азамат – қабілетті инженер Владимир Камаров орбитадағы бар жұмысын атқарып, жерге қона берген кезде парашюттің бауы оралып қалып, келесі жерге қатты соғылып, жарылып кеткен. Сол сияқты Ақтөбелік жерлесіміз Владимир Пауаев өзінің екі серігімен бірге ғарыш сапарының қайтып келгенде, кеменің ішкі қабырғасы сөгіліп кетіп, үшеуі бірден қаза тапты. Мұндай құрбандықтар шежіресі, өкінішке орай, азаяр емес.
Ендігі бір басы айқындалмаған мәселе – Байқоңырдан ұшып шыққан ракеталар солтүстік – шығысқа қарай бағытталғанда жолда Жезді, Ұлытау, Қарсақбай, Жаңарқа елді мекендері жатады. Осы жерлерден тұратын 30 мыңнан астам адам, міне, 50 жыл бойы осы қауіптің құшағында отыр. Ракеталардың бірінші сатылары осы елді мекендерге құлап түсіп жатады. Соншама жыл, соншама ракеталардың алғашқы сатылары түсіп жатса да, бір ғана ғажабы адамдар одан тікелей қаза болмаған, оның себебі ракеталар Байқоңырдан шыққаннан кейін ылғи иесіз, немесе елді мекендері сирек бағытпен ұшатын және ол бағыттар қатаң сақталатын.
Міне, соның әсерінен де адамдар аман қалып келеді.
Бірақ оларға жәрдем – көмек көрсету қажет. Бір кезде осы аймақтың адамдарына жәрдемақы беру жөніндегі қабылданған қаулы болатын, кейін оны тоқтатып тастады. Ал шынында жыл сайын осы аймақтарда тұратын адамдарға белгілі бір мөлшерде нақтылы жәрдем көрсетіп тұруға болады ғой. Сол жәрдемді аламын деп қызығып, байырғы тұрғындарынан басқа ешкім басқа жақтан келе қоймас. Жалпы есептегенде, бұл жерде 30 мыңдай адам тұрады екен. Қайткенде де соларға Ресейден алатын қаржының есебінен нақтылап ақша бөлу қажет. Енді бұдан былай космосқа өз еркімен ұшып барып қайтатын бай туристердің саны көбейе беретін болар. Бір адам ұшқаны үшін 20 млн $ - ға дейін ақша төлейді. Сол қаржыдан да Қазақстан өз үлесін алып отыратын болады деп мәлімдеді Ресей жағы.
Байқоңыр – біздің космодром. Сонау 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал – жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей (бүкіл одақ болып салған біздің меншігімізге көшкен. Сонда оның бары дүние – мүлкінің бағасы 51 миллиард $ болатын. Ресей мен екі арада шарт жасасып, оны жиырма жылға жалға берген едік. Жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион $ алып тұрады.
Сондай – ақ, Байқоңырдың болашағы туралы айтатын болсақ. Байқоңыр космодром айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ $ береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 млн $ жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 млн $ кіріс кіреді. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтылған. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектпе, оның 5 –еуі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектпе. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алды. Денсаулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырды.
Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтын сөзсіз. Соның мысалы (жай ғана) жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыздандыруы.
Сондықтан да, Байқоңырдың Қазақстанға берері мен берешегі мол, Ғарыштық державалар қатарына қосуға мүмкіндік беретін желдегі ең ірі алаң осы – Байқоңыр алаңы.
Қазақстанның тұңғыш жер серігі «Kazsat» пен Байқоңыр болашағы «Бәйтеректің» көлеңке тұстары мен күнгей жақтары.
Қазақстан ғылыми – техникалық салада артта қалғанына қарамастан, Қазақстан ғарышты игеруге ұмтылыс танытуда. Сол себепті, біздің еліміз өзінің алдына жедел іске асырылуы тиіс үлкен мақсаттар қойып отыр. Бұдан басқа байланыс спутнигін ұшыру, ғарыштық – спутниктік тасымалдау жүйесі мен алыстан басқарып зерттеу жүргізу жүйелерін дамытуда көзделген.
«Kazsat» - тіршілік көкжиегін кеңейтуде.
Қазақстан ғарышты игеруге мүдделі. Неге? гәп сонда. Ғарыштық мемлекет мәртебесіне ие болған ел өзі қалаға алып отырған базбір бағдарлманың маңызы мен мәтін басқаларға түсіндіріп, оның бейбіт мақсатты көздейтіндігін ант – су ішіп дәлелдеп жатпай – ақ (мысалы, анау иран секілді) алаңсыз жұмыс істей бере алады. Биылғы жылы, яғни 2006 жылдың 18 - маусымында Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдегі М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми – зерттеу орталығының мамандары жасаған «Kazsat» атты қазақстандық байланыс спутнигі ұшырылды. Біз «Kazsat» арқылы біздің ел орталықтан шалғай орналасқан ауылдық жерлерге отандық қана емес, тіпті, спутник қабылдайтын басқа шетелдік хабарларды да тарата алады. Сонымен қатар «Kazsat» сенімді телефон жүйесін қамтамасыз етеді. Спутник Оралдың арғы жағында жатқан өңірді де, тіпті Саратов пен Орынбор тәрізді Ресей облыстарын да қамтиды. Егер Ресей жағы біздің техникамызды аз мөлшерде болса да жалдайтын болса, онда олар да Сібір мен Орал өңіріндегі өзеннің байланыс мәселелерін оң шешетін болды. Спутниктің мүмкіндігін пайдаланығысы келетін көршілерімізге байланыс қызметтерін сататын болсақ, «Kazsat» өзінің құнын екі – ақ жылда толығымен өтеп шығады. Оның қамту аумағына Қазақстан мен қоса Орталық Азия елдері мен Ресейдің ортадлық бөлігінің кіретінін баршамызға белгілі. «Kazsat» орналасқан геостационарлық (жоба) орбита жер планетасы экваторының үстінен 40 мың шақырым орналасқан. Ресей Федерациясының Президенті В. Путин: «Kazsat» спутнигін ұшыру, әлбетте, теңдесі жоқ оқиға. Қазақстанның ғарыштық держава ретінде қалыптасу жолындағы қызметінің жаңа кезеңі. Біз ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен үлкен бағдарламасына жолсалудамыз» - дегенді айтты. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевшын мәнінде ғарыштық державаға айналған еліміздегі бұл тараптағы келешегінің кемел болатынына зор сенім білдірді. Бұл идея Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің құрамына кіру жөнінде алға қойып отырған мақсатын орындауына дәлме – дәл келеді.
Барлық кеңестік ғарыш кемелері қазақ жеріндегі Байқоңыр аймағынан ұшырылады, қазір Ресейдің көптеген зымырандары осы сапар шегуде.... Сондықтан Қазақстан мен ғарыш егіз ұғым іспетті. Бұл жер серігі осы тығыз байланысты одан әрмен нығайтады.
Байқоңырдың болашағы – «Бәйтерекке» тәуелді.
«Бәйтерек» - Ресейліктермен бірлесе отырып құрылған бағдарлама болатын. «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорынның (БК) негізгі міндеті – пайдаланылып отырған ғарыш кешенін жаңарту, соңыра экологиялық жағынан анағұрлым қауіпсіз ғарыштық ракеталық кешен салу. Бұл жоба «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Ангара» атты старттық және ракета алып жүретін техникалық кешен салуды көздейді. «Бәйтерек» - сөз жоқ, ұлттық ғарыштық бағдарламаның ең маңызды іргетасы болып саналды. Ол аса маңызды үш мәселені қамтиды:
- Саяси жағы. Біз аграрлық мал өсіруші елдерден ғарыштық державаға айналып, АҚШ, Ресей, Франция, Үндістан секілді елдер қатарына кіреміз.
- Экологиялық жағы. Біз халықты өмірге қауіпті «Протоннан» құтқарамыз.
- Маман кадрлар. Қазақстанның ғарыш саласы бойынша өзінің төл мамандары болады.
- Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін төтенше түрде бұзып жіберетіні белгілі болды;
- Космос корабельдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын орындары ұлы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
- Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінінің арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары толығымен дәлелденді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;
- Жер бетінде зымырандардыың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды. ( ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.
- Қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету:
- Егінді жинау мен бау – бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
- Токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
- Аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан – жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу
- Зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу.
- Панова Г.Г. Влияни компоненттер ракетного топлива на почвенно – растительную систему. Санк – Петербург, 1997. с7
- Сагимбаев Г.К. Экология и экономика.//Алматы: Қаржы – қаражат, 1997. с.65
- Бурдаков В.П., Еланский Н.Ф., Филин В.М. Влияние запусков ракет «Штати» и «Энергия» на озонный слой земли //Вестник Ан СССР, 1990, № 12. С. 72-75
- Хорухая Т.А. Методы оценки экологической опосности. М: ЭБТ – Контур, 1998 с.186
- Макдональд А. Дж, и др. Ракеты с двигателями на химическам топливе: влияния на окружающую среду. Аэрокосмическая техника, 1991 №9. 96с
- Шигаева М.Х. и др. Мутогены и комутагены окружающей среды. Алматы: Ғылым, 1994. с 6-7.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ