Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Байлығы 519 миллион долларға бағаланатын олигарх

Байлығы 519 миллион долларға бағаланатын олигарх

Forbes журналының нұсқасы бойынша Қайрат Боранбаев Қазақстанның ең бай және ықпалды бизнесмендерінің ТОП-50 қатарына кіреді. Оның байлығы 519 миллион долларға бағаланады деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сержан Жұмашовпен бірге Алматыдағы Esentai Tower БО және Esentai Mall сауда және ойын-сауық орталығына иелік етеді. Сондай-ақ, кәсіпкер Республика алаңында жалпы ауданы 25 мың шаршы метр болатын «Алмалы» жерасты сауда орталығының жалғыз меншік иесі болып табылады.

Боранбаевтың тағы бір елге белгілі бизнесі – Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald ' s франшизасы.

Ресейлік миллиардер Виктор Харитонинмен және басқа серіктестерімен бірге ковидке қарсы «Спутник-V» ресейлік вакцинасын әзірлейтін «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС басқарады.

(Фото Ulysmedia.kz сайтынан алынды)

Автор
Еркебұлан