Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Байбек өзі туралы желдей ескен қауесеттер жайлы айтты - новости Казахстана

Байбек өзі туралы желдей ескен қауесеттер жайлы айтты - новости Казахстана

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін Астанаға барып, өз қаласының жетістіктері туралы айтып берді. Ол Алматыда өзі туралы жиектасты зауыты бар, жанұясы автотұрақтарға иелік етеді деген сынды қаңқу сөздерді де естігенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бауыржан Байбек. Фото: kp.kz
Бауыржан Байбек. Фото: kp.kz

Бауыржан Байбек. Фото: kp.kz

"Сен дұрыс тәртіп орната бастасаң, қызығушылық танытқан тұлғалар сен туралы өтірік әңгімелер тарататыны жасырын емес.

Мысалы, біз қоршауларды бұзып жатсақ- әкім металлдар мен рельстер сатады екен дейді. Ал заңсыз дүңгіршектерді бұзып жатсақ-әкім өзінікін қойғысы келеді дейді. Көшелерді жөндеуден өткізе бастасақ-әкімнің бордюрді және плиталы зауыты бар екен дейді.

Сол үшін біз жалдаушылардан құрылыс материалдарын қандай зауыттардан алғаны туралы ақпарат жариялауын талап етеміз", - деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, ол қаладағы бордюрлердің барлығы жөндеуден өтіп жатқанын, олардың көп бөлігі қайта пайдаланылғанын, уақытша жолдарға ескі асфальт төселгенін атап өтті.

Жалпы бұзылған қоршаулар меншік иелеріне қалса, трамвайлар мен рельстерді қалада электронды сауда арқылы сатқан.

"Автотұрақ мәселесіне де қатысты- менің жанұям автотұрақтарға иелік етеді деген сөз шыққан. Менің ойымша, бұл әңгімелерді заңға бағынып жұмыс істегісі келмейтін азаматтар таратып отыр.
Осылайша белгісіз біреулер әкімдікке қысым көрсетіп, қиын әрі қажетті реформаны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуді ойлап отыр", - дейді Байбек.

Сондай-ақ, шенеунік "менің немесе әкімдіктің ешқандай жеке мүддесі жоқ. Қанша қиын болса да, біз жұмыс істеуді жалғастырамыз", - деп мәлімдеді.

Бауыржан Байбек контейнерлер бұзылған Мизам базары туралы да пікірін білдірді.

"Енді Мизам базары жайында. Онда санитарлық норманы бұзған, рұқсат қағаздары жоқ контейнерлер болған. Ал контейнер деген жүк таситын металл жәшік"

Базар иелері ыстықта да, суықта да денсаулықтарына зиян келтіріп, тәулігіне 12 сағат жұмыс істеуі үшін адамдарды сол контейлерде орналастырғысы келген", - деді әкім.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары