KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Баянды сүйдім бәрінен айырылдым” – Тұрсын Алагөзов

KZNEWS

Белгілі продюссер Баян Мақсатқызының күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов сүйіктісіне қол жеткізу үшін барлығынан бас тартқан.

Ол бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.



"Өмір — ақылға қонатын немесе қонбайтын шешімдер деп бөлінбейді. Мен ол адамды жақсы көріп қалдым. Ештеңе істей алмадым. Сүйіктім үшін барлығынан бас тарттым. Баянсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім", – дейді Тұрсын Алагөзов.


Ол қазір бұрынғыдай байлығы жоқ екенін, қазір ел қатарлы өмір сүріп жатқанын айтты.


"Ешқандай дүние-мүліктің жоқтығы да оңай екен. Осы күні ешкім алдынан жүгіріп шығып есік ашпайды. Бірақ одан өмірім жаман болып кеткен жоқ. Таңертең жүгіріп спортпен айналысамын. Бос уақытым көп", – дейді кәсіпкер.


Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы алты жылдан бері бірге тұрады.


Бұған дейін Баян Мақсатқызының "Бұрынғы күйеуім бостандыққа шығып, үйленгенін қалаймын" деп айтқанын жазғанбыз.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары