KZNews.kz
Шоу-бизнес

Баян Мақсатқызының келінінің бейнесі әлеуметтік желіде пікірталас тудырды

Torgyn Abushakhman

Баян Мақсатқызының інісі Айдар Асқарбектің жары, актриса әрі әнші Жарқынай Ханайымның соңғы образы әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Соңғы уақытта Жарқынай Ханайым көпшілік назарында жиі көріне бастады. Ол актрисалық қызметімен қатар, ән айтып, вокалдық қабілетін де байқатып жүр. Алайда өнер иесінің жуырда жариялаған бейнежазбасы желіде түрлі пікір туғызды.

Кейбір оқырмандар актрисаның кеудесі ашық киімін сынға алып, оның образына наразылық білдірді. Пікірлер арасында «не киіп алған, қайын жұрт деген бар ма?» деген сынды жазбалар да кездеседі.

Желі қолданушылары:

«Қуды ғой апым»,

«Күйеуі рұқсат етті ме екен?»

«Соңғы кезде біртүрлі болып кеткен, бұрын жақсы көруші едім»,

«Ақылды, салмақты едің»,

«Ажырасып кеткен-ау, әйтпесе ұят қой» – деп жазды.

Алайда Жарқынай Ханайым аталған сын-пікірлерге қатысты әзірге ресми жауап берген жоқ.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары