"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Баян Алагөзованың күйеуіне ән арнаған әнші елдің ашуына тиді

Баян Алагөзованың күйеуіне ән арнаған әнші елдің ашуына тиді
Коллаж Democrat.kz

Democrat.kz мәліметінше, жақында жүз отбасына баспана сыйлаған кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке арнап әнші Қайрат Керімбек арнайы ән шығарған. Әншінің жаңа туындысы әлеуметтік желіде жарияланған сәттен-ақ қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өлең жолдарында:
«Жүз үй берген ағама көп-көп рақмет,
Қазақтардың атынан алғыс айтамын» – деген сөздер кездеседі.

Алайда бұл ән көпшілікке жақпай, керісінше желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Тыңдармандардың басым бөлігі әннің мәні мен мазмұнының жеңіл екеніне, ал орындаушының әрекеті кәсіпкердің көзіне түсіп, назарын аудартуға тырысқан амал секілді көрінетініне пікір білдірді.

Желі қолданушыларының арасында:
– «Бейшаралар ақша үшін бәрін істейтін болды ғой»,
– «Не болса соны ән қыла салатын болыпты, әннің де, адамның да қадірі кеткен заман»,
– «Баянның күйеуі бір пайдасын тигізер деп үміттеніп жүрген шығар»
деген секілді сыни пікірлер көп кездесті.

Кейбіреулер мұндай мазмұндағы әндердің қоғамдағы өнер сапасына кері әсер етіп жатқанын атап өтсе, енді бірі мұны мақсатты түрде кәсіпкерге жағыну деп бағалады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.