Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Баяғы жартас – сол жартас", қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде". Тоқаев Сұлтанғазиевтің жұмысын сынады

"Баяғы жартас – сол жартас", қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде". Тоқаев Сұлтанғазиевтің жұмысын сынады
Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді.

Президент сапар аясында Алатау қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Сондай-ақ, өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралады.

Дерекке қарасақ, облыстың даму қарқыны жаман емес. Тиісті жұмыс істелуде. Былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өсті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5 орында тұр екен.

Мемлекет басшысы облыс активімен кездесуде аймақта атқарылған істерді саралап айтты. Президент өз сөзінде жетістіктермен қатар кемшіліктерді де көзге шұқып көрсетті. Әсіресе, облыс орталығы Қонаев қаласын дамытуға қатысты жұмыстар Тоқаевтың көңілінен шықпағаны байқалады. Ауыл шаруашылығы саласына қатысты да сын айтылды. Әлбетте, бұған дейін мақтау мен мадаққа толы лебізге құлағы үйренген облыстағы шенділер үшін бұл ауыр соққы болғаны анық.

- Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті.Бірақ, аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды, - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Алматы облысының дамуына қатысты деректерді саралаған Президент аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев пен оның командасының тікелей жұмысына қатысты өткір сын айтты.

- Алайда, бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. "Баяғы жартас – сол жартас", қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде.Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.