Саясат

Тоқаев: «Жалған ақпарат таратушылар көбейді, ғалымдар ағарту жұмысын күшейтуі тиіс»

Тоқаев: «Жалған ақпарат таратушылар көбейді, ғалымдар ағарту жұмысын күшейтуі тиіс»
Фото: Ақорда

«Осындай санасыз, пиғылы арам адамдардың теріс ықпалына түсіп, кейбір жастар ғаламторда түрлі өсек пен арандатушы материалдар жаза бастады. Қазір тиісті мекемелер заманауи технологияларды пайдаланып, олардың кім екенін анықтап жатыр. Әзірге түсіндіру жұмысы жүргізілуде, бірақ мұндай әрекеттер жалғасса, заң аясында қатаң шара қолданылады», – деді Мемлекет басшысы.

Президент ғалымдарға үндеу жасап, жастар арасында ағарту жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты:


 «Мұндай сәтте ғалымдар үнсіз қалмауы керек. Қоғамда жан-жақты ағарту жүргізіп, кез келген мәселеге салмақты әрі саналы пікір білдіру маңызды. Еліміздің тұрақтылығы – ең басты басымдық. Қоғамдық пікір білікті мамандардың көзқарасы негізінде қалыптасуы тиіс», – деді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz