KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Азық-түлікті Америкадан алдыратынын айтқан Айгүл Иманбаева сынға қалды

• Дархан Тоқан

Әнші Айгүл Иманбаева шетелден азық-түлік алдыртатынын айтып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі өзінің парақшасында ас дайындау барысын көрсетіп, қолданатын өнімдері туралы да бөліскен.

«Мен азық-түлікті Америкадан алдырамын. Мына куркума майын Лос-Анджелестегі жапон дүкенінен сатып алдым. Қазақстанда да бар, бірақ АҚШ-та тұрақты баратын екі орным бар, солардан жиі аламын. Дұрыс тамақтануға қатысты барлық рецептерім “бесінші элементтен”», – деді Айгүл Иманбаева.

Алайда желі қолданушылары әншінің бұл мәлімдемесін қолдамай, түрлі пікір білдірді.

Пікірлер арасында: «Жетісіп қалыпсың», «Тағы неге мақтанасың», «Жаңалық аштың ба?», «Неге сонша мақтаншақсың?», «Куркуманың майы бола ма өзі?», «Оны жариялаудың не қажеті бар?» деген секілді сын пікірлер көптеп жазылған.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →