Шоу-бизнес

Әзілкеш Бауыржан Ибрагимов үшінші әйелін көпшілікке таныстырып, сынға қалды (ФОТО)

Әзілкеш Бауыржан Ибрагимов үшінші әйелін көпшілікке таныстырып, сынға қалды (ФОТО)

Қоғамға кеңінен танымал әзілкеш, «Бауыржан шоу» театрының экс-жетекшісі Бауыржан Ибрагимов жеке өміріне қатысты жаңалығымен ел назарын өзіне аударды. Ол үшінші жұбайын алғаш рет көпшілікке көрсетіп, баласымен бірге Шымкент қаласында өткен салтанатты шаралардың біріне қатысқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Той үстінде түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жылдам таралып, қолданушылар арасында қызу пікірталас туғызды. Көпшілік мұндай қадамды күтпегенін айтып, өнер иесінің отбасылық өміріне қатысты түрлі көзқарас білдірді.

Желіде кейбір қолданушылар әзілкештің таңдауына таңданыс білдірсе, енді бір бөлігі оның жеке шешімін сынап, өткір пікірлер қалдырған. Әсіресе, үшінші жұбайының жасы мен сырт келбеті талқылаудың басты тақырыбына айналды.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде отбасылық құндылықтар мен көп әйел алу мәселесіне қатысты жаңа талқылауға түрткі болып, көпшіліктің назарын тағы да осы тақырыпқа аударды.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz